Қостанайлық абоненттік нөмірлерді мошенниктер өз схемаларында пайдалана алатын SIM-карталарды виртуалды тіркеуге арналған құрылғыны (simbox) пайдаланып белсендірумен айналысқан.
polisia.kz деректері бойынша, simbox-қа бірден 64 SIM-картаны салып, оларды виртуалды нөмірлерді сататын әртүрлі интернет-платформаларда белсендіруге болады.
«Тәркіленген бокстардың бірінен мошенниктер WhatsApp-ты тіркеп, кейіннен мемлекеттік қызметшілермін деп таныстырып, адамдарға қоңырау шалған абоненттік нөмір бойынша сәйкестік анықталды», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, ер адам SIM-карталарды 300-350 теңгеден көтерме сатып алып, оларды simbox арқылы белсендіргеннен кейін интернетте бірнеше рет қайта сата алған.
«Ол абоненттік нөмірлерді сататын сайттардың бірінде сатушы ретінде тіркеліп, кейін осы нөмірлерді пайдалану құқығын ақшалай сыйақы үшін әкімшіге бергені анықталды», - деп мәлімдеді полиция.
Барлығы ер адамнан осындай 9 құрылғы, 3 ноутбук және 1500 SIM-карта тәркіленгені хабарланады.
Полицейлер абоненттік құрылғының ID-кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды заңсыз жасау, пайдалану, тарату фактісін тексереді. Осы құқық бұзушылық үшін жарты миллион теңгеден астам айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Фонд-бюро расследования коррупции