Қарағанды облысында бұрынғы Қарағанды әкімі Шаймерден Ұразалиновтың ұлы Әбіл сотталды.
Informburo.kz мәліметінше, 1946 жылы туған анасымен жанжал кезінде Ұразалинов оны қолымен және аяғымен ұрып-соққан. Әйел жабық бас-бет жарақаты, ми шайқалуы және бірнеше сынық алған.
Сот Әбіл Ұразалиновты 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді тағайындады. Сондай-ақ ол жәбірленушіге моральдық өтемақы және адвокат шығындарын өтеу ретінде 1 млн теңге төлеуге міндеттелді.
Сонымен қатар белгілі болғандай, 2012 жылы Әбіл Ұразалинов бұрынғы әйелінен балаларды сот арқылы тартып алмақ болған. Сол кезде оның бұрынғы әйелі Ұразалиновтың «басымен іс оңай емес» екенін айтқан. Оның сөзінше, төрт ауыр жол апатынан кейін ол өзін өте оғаш ұстай бастаған.
Ол өзінің Ұразалинов тарапынан ұрып-соғуға ұшырағанын айтқан. Сонымен қатар, бұрынғы әйелі Ұразалиновтың өз ата-анасын да ұрып-соққанын айтқан.
Фонд-бюро расследования коррупции