Skip to main content

Халықаралық Астана 2025 форумы демеушілер есебінен өткізілмек.

Submitted by Вера Александрова on

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл Астана 2025 Халықаралық форумы тек демеушілер қаражаты есебінен ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрын бұл іс-шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген, алайда биыл тиісті қаулы күшін жойды. 

«Форумды ұйымдастыруға арналған барлық шығыстар демеушілік жарналармен жабылады және оны өткізуге бюджет қаражаты бөлінбейді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, былтырғы мамыр айында хабарланғандай, Астана халықаралық форумын өткізуге 2024 жылы 1,44 млрд теңге, 2025 жылы 1,95 млрд теңге, 2026 жылы 2,34 млрд теңге және 2027 жылы 2,81 млрд теңге бөлу жоспарланған болатын.