Skip to main content

Қазақстанның латифундистері. 4-тарау: СҚО (1-бөлім)

Submitted by Вера Александрова on

ФБРК редакциясы Қазақстанның ірі жер пайдаланушыларының динамикасын талдауды жалғастыруда, олардан соңғы уақытта қанша ауыл шаруашылығы жері алынғанын анықтау мақсатында.

Естеріңізге сала кетейік, бізге әртүрлі өңірлерден шағын және орта шаруа қожалықтарынан жерлерді алу орын алып жатқаны туралы шағымдар жаппай түсуде, ал жұмыс латифундистердің аумақтарын алуға бағытталуы керек еді.

Осы процедураға тікелей жауапты ведомство Жер ресурстарын басқару комитеті больп табылады. Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарының аумақтарымен танысып, біз латифундистердің аудандарында ерекше өзгерістер болмаған деген қорытындыға келдік.

Осыған байланысты, біз ЖРБК-нің жерлерді алу жөніндегі жұмысты кімнің мүддесінде жүргізіп жатқанын түсінуге тырысамыз. Бұл материалда біз тағы бір дәнді дақыл өсіретін өңірдің – Солтүстік Қазақстан облысының жер пайдаланушыларын талдауды бастаймыз.



«ТҰҚЫМ» ЖШС

Мәселен, «Тұқым» ЖШС (астық және бұршақ дақылдарын өсіру, оның ішінде тұқым шаруашылығы), СҚО-да шамамен 56,2 мың га жерді алып отыр, 1999 жылы тіркелген. Бірінші басшысы және құрылтайшысы белгілі бір Талғат Ақаев.

«Тұқым» ЖШС салық міндеттемелері бойынша орташа тәуекел дәрежесіне ие. 2023 жыл үшін компания 423,5 млн теңге салық төледі (2022 жылы – 313,8 млн теңге, 2021 жылы – 383,8 млн теңге, 2020 жылы – 298,2 млн теңге).

«ҚЫЗЫЛТУ-НАН АГРОФИРМАСЫ» ЖШС

СҚО-ның ең ірі жер пайдаланушысы – «Қызылту-Нан Агрофирмасы» ЖШС (астық және бұршақ дақылдарын өсіру, оның ішінде тұқым шаруашылығы), СҚО-да шамамен 144 мың га үлестік жерді алып отыр, 2005 жылы тіркелген.

Бірінші басшысы – Марат Телемісов. Компанияның 830-нан астам құрылтайшысы, шамамен, үлескерлері бар. Негізгі құрылтайшылардың бірі – «Қазэкспортастық Холдингі» АҚ.

«Қызылту-Нан Агрофирмасы» ЖШС салық міндеттемелері бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне және 365,2 млн теңге сомасында салық берешегіне ие. 2023 жыл үшін компания 283,6 млн теңге салық төледі (2022 жылы – 196,3 млн теңге, 2021 жылы – 48,5 млн теңге, 2020 жылы – 8,9 млн теңге).

Сонымен қатар, Агрофирманың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ, коллекторлық агенттіктер, банктер және бірқатар басқа заңды тұлғалар алдында атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі 14 млрд теңге сомасында, 2023 жылдың қазан айынан бастап тіркеу әрекеттеріне 11 тыйым бар және ҚР-дан шығу уақытша шектелген борышкерлер тізімінде тұр.

ЖШС басшылығына келетін болсақ, Марат Телемісов компанияның жеке тұлғалар мен БЖЗҚ алдындағы қарыздарына байланысты атқарушылық іс жүргізу бойынша шамамен 6,4 млрд теңге сомасында борышкер больп саналады және Қазақстаннан шығуға тыйымы бар.

Бұдан басқа, ол «Қызылту-Нан Агробірлестігі» ЖШС, «Номад-Қызылту» Жастар қоғамдық бірлестігі және «Уәлиханов» Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі сияқты ұйымдарда кездеседі.

«Қазэкспортастық Холдингі» АҚ-ның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі 53,9 млрд теңге, салық берешегі 58,6 млн теңге, 2023 жылдың ақпан айынан бастап тіркеу әрекеттеріне 5 тыйымы бар және ҚР-дан шығу уақытша шектелген борышкерлер тізімінде тұр.

2023 жылдың шілдесінде Kursiv.Media жазғандай, «КазЭкспортАстық» Холдингі» АҚ БЖЗҚ-ның қолданыстағы борышкерлері арасындағы ең қасақана төлемеуші болып табылады. Журналистердің атап өтуінше, Холдингтің берешегі (кем дегенде, негізгі борыш бойынша) облигацияларды сатып алған 2011 және 2012 жылдардан бері өтелмеген.

Холдингтің негізін қалаушы Руслан Молдабеков 2015 жылды қоса алғанда, жергілікті Forbes нұсқасы бойынша ҚР-ның ең бай 50 бизнесменінің қатарына кірген. Оны Василий Розинов («ИволгаХолдинг» компаниясының құрылтайшысы) және Нұрлан Тілеубаев («АлибиХолдинг» тобының иесі) БАҚ Қазақстанның ең ірі латифундистері деп атаған.

Шамамен 2010-жылдардың ортасында астық олигархтарының үшеуі де банкротқа ұшырап, сонымен бірге шетелдік және халықаралық кредиторларды қоса алғанда, әртүрлі мемлекеттік және жеке институттар алдында үлкен қарыздар жинақтаған.

Kompra.kz мәліметтері бойынша, бүгінгі күні «Қазэкспортастық Холдингі» АҚ-ның құрылтайшылары құрамына «АПК Инвестициялық Компаниясы» ЖШС, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) және «Agro Group Invest» ЖШС кіреді.

БАҚ 2023 жылдың ақпан айында Молдабеков «КазЭкспортАстықтың» тікелей акционерлері құрамынан шыққанын хабарлады. ДФО порталының деректері бойынша, холдингтің жаңа акционері (үлес мөлшері көрсетілмеген) сол «Agro Group Invest» ЖШС болды. Акциялардың 10%-дан астамына иелік ететін екінші акционер «АПК Инвестициялық компаниясы» ЖШС больп қалды.

БЖЗҚ-ның жұртшылыққа арналған презентациясында «КазЭкспортАстық» сегіз проблемалы эмитенттің қатарына кіретіні, олардың лауазымды тұлғаларына қатысты «құқық қорғау органдарымен бірлесіп, зейнетақы активтеріне залал келтіру мән-жайларын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны» айтылған.

«ASYL FARMS» ЖШС 

«Asyl Farms» ЖШС (аралас ауыл шаруашылығы), бұрын «Асыл Логистикс» ЖШС деп аталған, 2014 жылдан бері тіркелген. Бірінші басшысы және құрылтайшылардың бірі – Ғабиден Балғынбеков, қосалқы құрылтайшысы – «Асыл» Қаржы тобы» ЖШС, ол да ішінара Балғынбековке бағынышты.

Бұдан басқа, Балғынбеков «Centre Nova Diagnostic» ЖШС, «Тангенс» ЖШС, «Ulydala Commerce» ЖШС және «Alustar» ЖШС сияқты компанияларда кездеседі.

«Asyl Farms» ЖШС салық міндеттемелері бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне ие. 2023 жыл үшін компания 223 млн теңге салық төледі (2022 жылы – 254,3 млн теңге, 2021 жылы – 304,7 млн теңге, 2020 жылы – 109,3 млн теңге).

Осы жылдың жазында СҚО-да улы химикаттардың төгілуі болғаны хабарланды. Шал ақын ауданының Афанасьевка ауылының тұрғындары бірінші болып дабыл қақты, олардың денсаулығы күрт нашарлаған. Ауылдықтар улы булардың күшті болғаны соншалық, тамақты күйдіргенін, олардың мәліметі бойынша, жылқылар өлгенін растады.

Адамдардың айтуынша, жергілікті ЖШС шұғыл түрде «ізін жасыра» бастаған. Алайда, улы химикаттың ағу фактісін СҚО Табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы растап, «Асыл Farms» ЖШС аумағында «Сергеев» орман шаруашылығының шекарасына жақын жерде аммиактың ағуы болғанын хабарлады.

Кейінірек СҚО Экология департаменті