Интерпол Қазақстан Республикасына активтерді іздеу және қайтару жөніндегі пилоттық жоба аясында алғашқы «Күміс хабарламаны» жіберді. Құжат активтерді қайтару туралы Заңның субъектілерінің бірімен байланысты тұлғаның активтері туралы ақпарат алуға бағытталған.
Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы ведомство Интерполдың осы жобаны енгізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірді.
Жобаға 50-ден астам ел қатысуда, олардың қатарында Ұлыбритания, Испания, Италия, Катар, Қытай, Кувейт, Мальта, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Португалия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Франция, Швеция және басқалар бар.
Белгілі болғандай, бұл құрал Интерпол құрамына кіретін 196 мемлекет арасында заңсыз сатып алынған активтер туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Енді комитет жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ақша қаражатын қоса алғанда, заңсыз сатып алынған активтер туралы мәліметтерді қадағалай, анықтай және ала алады.
«Бұрын Интерпол негізінен іздеуде жүрген адамдар туралы ақпаратты тіркесе, енді назар негіздер болған жағдайда бүкіл әлем бойынша әртүрлі қудалау шараларына ұшырауы мүмкін активтерге де аударылады», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции