Skip to main content

«Қазақфильм» вице-президенті сотталды

Submitted by Вера Александрова on

«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті Алматыда сотталды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық аудандық соты «Қазақфильмнің» бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. 

Ол нарықтық бағадан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» атты бутафор бекінісін «Көшпенділер» киножобасы аясында жымқырғаны үчін сотталды. 

Сот Серік Жұбандықовты кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар бекініс пен ғимарат орналасқан жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ-ны тексеру кезінде ерекше ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтаған болатын. 

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақфильм» АҚ-ның бұрынғы президентін «Көшпенділер» киножобасы аясында салынған «Түркістан» бутафор бекінісін сату кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа күдіктенетіні туралы хабарланған еді.