Skip to main content

Каспий теңізінің Маңғыстау жағалауынан тағы 12 өлі итбалық табылды

Submitted by Вера Александрова on

25 сәуірде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері 12 тюлень өлексесін тапты. 

lada.kz мәліметінше, тюленьдер табылған жерге инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, гидробиология және экология институтының өкілдерінен құралған жұмыс тобы барды. 

«Табылған өлі тюленьдердің өлекселері қатты шіріген күйде болды, бұл олардың қыс мезгілінде бір уақытта өлгенін және осы уақыт бойы өлекселердің суда жатқанын болжауға негіз береді. Оларды 23 сәуірде басталып, бүгінге дейін жалғасып жатқан батыс дауылды желінің салдарынан жағаға шығарған», - деп хабарлайды Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасы.

Мамандардың атап өтуінше, сынама алу мүмкін болған кейбір үлгілерден институт қызметкерлері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі органдар тіндерінің, сондай-ақ азу тістердің ішінара іріктеуін жасады.

«Сонымен қатар, 2024 жылғы 23-24 сәуір аралығында инспекция гидробиология және экология институтының қызметкерлерімен бірлесіп Каспий теңізі жағалауын мониторингілеу кезінде шіріген күйде болған 67 өлі тюлень өлексесін тапты. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағын мониторингілеуді жалғастыруда. Ақпарат түскен сайын жаңартылып отырады», - деп атап өтті ведомство.

Басқарманың дерегінше, 2024 жылғы 29 наурыздан 25 сәуірге дейін Каспий теңізі жағалауында 182 өлі тюлень өлексесі табылды.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізі жағалауында өлі тюленьдер туралы алғашқы хабарламалар 29 наурызда пайда болды. Сонда Маңғыстау облысы балық инспекциясының қызметкерлері жағалауды мониторингілеу барысында Түпқараған ауданынан 62 өлі тюлень өлексесін тапты. 

Кейінірек хабарланғандай, 8 сәуірдегі жағдай бойынша Каспий жағалауында табылған өлі тюленьдердің жалпы саны 103 өлексені құрады.