Skip to main content

Қарағандыдағы хайуанаттар бағының аумағын безендіруге 18,6 млн теңге жұмсамақшы

Submitted by Вера Александрова on

Қарағанды мемлекеттік зоологиялық паркі ғимаратты және оған іргелес аумақты жөндеу мен безендіруге 18,6 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Тиісті лот мемлекеттік сатып алу сайтында пайда болды.



Техникалық сипаттамада қызмет көрсетуші мыналарды орындауы тиіс екендігі көрсетілген:

  • жобаны әзірлеу; 
  • көркем безендіру және жобалық шешімнің визуализациясын дайындау;
  • төбе жабындарын орнату (150 м2);
  • қабырғаларды бояу (500 м2);
  • арт-инсталляцияларды – көркем мүсіндерді орнату.

Айта кетейік, инсталляциялар қатарына мыналар кіреді: биіктігі 7 метр ақ шырша, биіктігі 10 метр есігі бар шырша, гирляндалар, күймемен бірге бұғылар, ойыншықтар жиынтығы, бағаналарды лианалармен безендіру; анимацияланған птеродактиль, бұтақтар, коллекциялық крабтар, жарықтандыру/жарық беру және т.б.

Өтінімдер 13-18 қараша аралығында қабылданады. Жобаны орындау мерзімі - 15 күн.