Қарағанды облысының Шет ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізіліп, электрмен жабдықтау проблемаларына байланысты электр қуатын беру шектелді.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Шет-Энерго» ЖШС электр энергиясын беру бойынша «Жезқазған тарату электр желісі компаниясы» АҚ талаптарын орындамаған.
Сонымен қатар, компанияның электр желілерін жаңғыртуға қаражат салмағаны, бұл электрмен жабдықтауда жүйелі үзілістерге әкелгені атап өтілген.
«Тұрғындар жиі өшірулерден зардап шегеді, жарық қана емес, жылусыз да қалады. Үнемі ескертулерге қарамастан, «Шет-Энерго» қызметінің сапасы жақсармайды», - делінген хабарламада.
Аудан әкімдігінде электрмен жабдықтау жағдайын тұрақтандыру үшін ТЖ режимін енгізгендерін түсіндірді.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округінде 25 мың тұрғыны бар «Асыл Арман» тұрғын үй кешені электр қуатынсыз қалды, себебі энергиямен жабдықтаушы «BeyAzhTrans» ЖШС компаниясының «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС алдындағы қарызы болған.
Аудан әкімдігінің «BeyAzhTrans» басшылығымен жүргізген келіссөздерден кейін тараптар электрмен жабдықтауды қалпына келтіру туралы келісімге қол жеткізді.
Фонд-бюро расследования коррупции