Қарағанды тұрғыны жолдағы шұңқырға байланысты Қазыбек би ауданы әкімдігінен сот ісін жеңіп алды.
informburo.kz деректері бойынша, өткен жылдың наурыз айында жүргізуші Бұхар жырау даңғылымен келе жатып, өз көлігін зақымдаған. Алдында келе жатқан шұңқырға түскен көліктің дөңгелегінің астынан оның автокөлігінің алдыңғы әйнегіне тас тиген.
Жөндеу жұмысы қала тұрғынына 341 000 теңгеге түскені хабарланады. Ер адам шығынды өтеу үшін қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, сондай-ақ Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімдігіне сотқа шағым түсірген.
Нәтижесінде №2 аудандық сот жүргізушінің талабын қанағаттандырып, жауапкерлерді шығынды өтеуге міндеттеген. Сонымен қатар сот қалалық аудан әкімдігіне жолдағы шұңқырларды жою шараларын қабылдауды тапсырған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандының сол аудандық әкімдігі ағаш құлап, зақымданған екі көлікті жөндеуге ақы төлеуге міндеттелген болатын. Автокөліктерді қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының құны 634 мың теңгені және 445 мың теңгені құрады.
Фонд-бюро расследования коррупции