Skip to main content

Қандай тағы активтерді қайтарды Қайрат Сатыбалды

Submitted by Вера Александрова on

Мемлекетке экс-президенттің жиені Қайрат Сатыбалды берген жаңа активтер белгілі болды. 

Активтерді қайтару комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың қатарына Алматыдағы екі бизнес-орталық, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй кіреді. 

Сондай-ақ, арнайы мемлекеттік Қорға Сатыбалдыдан тінту кезінде алынған $95 мың аударылғаны белгілі болды. 

Бұдан басқа, мемлекетке зергерлік бұйымдар, брендтік сағаттар, эксклюзивті асыл тастар, коллекциялық монеталар және жүздеген миллион теңге тұратын басқа да сән-салтанат заттары қайтарылды. 

БАӘ-ден жалпы құны 192 млн теңге болатын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы люкс автомобильдері түріндегі активтер қайтарылды. 

Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыға және оның жақындарына тиесілі, жалпы сомасы 33 млрд теңге болатын шетелдік мүлікті беру аяқталу сатысында. 

Оларға жатады: 

  • Дубай қаласындағы құны 20 млрд теңге болатын екі қымбат вилла; 
  • Францияның Лазурный жағалауындағы құны 4 млрд теңге болатын төрт элиталық пәтер; 
  • Мәскеу қаласының беделді тұрғын үй кешендеріндегі құны 5 млрд теңге болатын 15 жылжымайтын мүлік объектісі; 
  • Бодрум және Стамбул (Түркия) қалаларындағы құны 4 млрд теңгеден асатын екі элиталық вилла және пәтер. 

Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істер бойынша қайтарылған активтердің жалпы сомасы 732,8 млрд теңгені құрайды. Олардың қатарында: 

  • «Қазақтелеком» АҚ 28,8% акциясы - 93,8 млрд теңге
  • «ЦТС» АҚ - 30,2 млрд теңге
  • Төрт компаниядағы қатысу үлестері - 10,3 млрд теңге
  • Қазақстандағы мүліктік активтер - 158,5 млрд теңге
  • Эксклюзивті асыл тастар - 105,39 млрд теңге ($230 млн)
  • Қазақстандық шоттардағы ақша - 36,8 млрд теңге
  • Австриядан келген ақша - 36,8 млрд теңге ($82,1 млн)
  • Лихтенштейннен келген ақша - 116,7 млрд теңге ($260,5 млн)
  • БАӘ-ден келген ақша - 6,3 млрд теңге ($14 млн)
  • Түркиядан келген ақша - 2,2 млрд теңге ($4,92 млн)
  • Бағалы қағаздарды сату - 135,8 млрд теңге ($300 млн)