Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бұрынғы министрі Бағдат Мусин өз отбасымен АҚШ-та жүріп, жоспарлары туралы айтты.

Экс-министр өзінің Instagram-парақшасында хабарлағандай, ең алдымен осы күндері Сан-Францискода өтіп жатқан технологиялық іс-шараларға баруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ ол өзінің қызы кіретін мектеп командасы робототехника бойынша жарыстарға қатысатынын айтты.
Сонымен қатар Мусин әртүрлі әлеуметтік бастамаларды талқылау үшін Қазақстаннан келген IT-мамандар – Digital Nomads -пен кездескісі келеді. Кездесу Silkroad innovation hub қабырғасында өтеді.
«Еліміздің спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы ретінде биылғы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін зияткерлік спорт түріміз бойынша (спорттық бағдарламалау) Әлем Чемпионатының финалын өткізуге қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселелерін шешемін. Ол үшін ICPC басшысы Билл Поучермен және оның командасымен кездесемін», - деді Бағдат Мусин.
Сонымен қатар бұрынғы министр әртүрлі университеттердің профессорларымен бірнеше кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, оның айтуынша, әртүрлі қорлар мен компаниялармен кездесулер болады.
Фонд-бюро расследования коррупции