Мәжілісмен Болатбек Әлиев ҚР вице-премьеріне, Бас прокурорға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасына депутаттық сауал жолдады. Депутат өз өтінішінде бюджеттен 363 млн теңге жұмсалып әзірленген Құрылыс кодексінің жобасын сынға алды.
Әлиев Facebook-тегі парақшасында мәлімдегендей, жүйесіз құрылыс мәселелерін шешудің орнына, қазақстандықтар күмәнді сапалы, көптеген «трояндық жылқыларды» жасырған құжат алды.
«Құрылыс қызметін цифрландыру және ақпараттық сүйемелдеу әзірлеуші тарапынан заң жобасының негізгі жаңашылдықтарының бірі ретінде ұсынылды. Алайда оның орнына біз қолданыстағы «Ақпараттандыру туралы» Заңды қайталайтын жалпы нормалардан тұратын небәрі екі баптан құралған тарау алдық. Сонымен қатар уәкілетті орган өз мәселелерін шешу үшін қажетті құзыретті өзіне беруді ұмытпады», - деді мәжілісмен.
Оның айтуынша, 3 заңға тәуелді акт пен 1 мемлекеттік нормативтің өзгеруіне байланысты, енді атқарушы техникалық құжаттаманы жүргізу тек «eQurylys» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Депутат ашық дереккөздерден порталды жеке компанияның бастамасымен әзірлеп, содан кейін оны мемлекет балансына өтеусіз бергенін, ал мемлекет оны «ҚазҒЗИҚА» АҚ квазимемлекеттік кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға бергенін анықтады.
Алайда, платформаның толыққанды жұмыс істеуі үшін порталға құжаттаманы жүктеуге мүмкіндік беретін жеке сервис бар. Ол жеке кәсіпорынның меншігінде қалады, ал оны пайдалану үшін ақы төлеу керек. Қызмет бағасы құрылыс объектісінің құнына байланысты 50 мың теңгеден басталып, одан жоғары екені хабарланады.
«Төлем – ай сайын және жоба аяқталғанға дейін. Салынып жатқан әрбір жол, мектеп, емхана, балабақша, саябақ және тротуар, жалпы, мемлекеттік қазына қаржыландыратын барлық нәрсе үшін төлеуге тура келеді. Ал бұл айына бірнеше жүз млн теңге!» - деп наразылық білдірді Әлиев.
Сонымен қатар мәжілісмен вице-премьер Роман Склярдан үкіметтегі беделді шенеуніктің қолдауынсыз мұндай платформаларды заңдастыру мүмкін емес екеніне назар аударуды сұрады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Мәжіліс депутаты:
- үкіметтен «eQurylys» жобасын іске асыру кезінде ақпараттандыру туралы заңнама нормаларының сақталуына қатысты ресми ұстанымды ұсынуды;
- құрылыс саласы субъектілерінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерге атқарушы құжаттаманы өтеусіз жүктеу мүмкіндігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды;
- өнімсіз делдалды болдырмау, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету жұмыстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «ҚазҒЗИҚА» АҚ-мен сенімгерлік басқару шартын күшін жоюды;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі лауазымды тұлғалардың әрекеттерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың бар-жоғы тұрғысынан қарауды;
- БҚДА аталған деректерді бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан қарауды сұрады.
Фонд-бюро расследования коррупции