Алматыда бұрынғы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталуда.
Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Жолманова жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесемін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын 1 млрд теңгеден астам сомаға иеленген. Тергеу барысында 48 қылмыстық эпизод анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді.
«Тергеу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4) тармағы 2-бөлігі бойынша (аса ірі көлемдегі алаяқтық) айыптау актісімен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Светлана Жолманованың ұсталғаны туралы ақпарат өткен жылдың қазан айында желіде пайда болды. Сол кезде оның бірнеше жәбірленушіге қатысты алаяқтық жасады деп күдіктенетіні хабарланған болатын.
Айта кетейік, Жолманованың алаяқтықпен айналысқаны 2021 жылдың сәуір айында-ақ белгілі болды, сол кезде оның қызметтік кабинетін тінту кезінде $10 мың ақша табылған еді.
Кейін Жоғарғы сот төрағасының өкімі бойынша судьяның өкілеттігі тоқтатылды. 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметтен босатты.
Фонд-бюро расследования коррупции