30 қазанға қараған түні Астанада Алматы қаласы бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қайтыс болды.
«Қазинформ» ХАА хабарлағандай, қайғылы оқиға таныстарымен кездесу кезінде туындаған жанжал салдарынан болды. Бір сәтте жиналғандар арасында жанжал туып, ол физикалық қақтығысқа ұласқан. Жарақаттану салдарынан ер адам қайтыс болды. Осы іс бойынша күдікті құқық қорғау органдарымен ұсталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. Кейін Бабақұмаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.
2025 жылдың ақпанында Бабақұмаровтың Астанада мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны хабарланды. Істі қарау нәтижесінде сот жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Фонд-бюро расследования коррупции