Бұл Wall Street 55 мекенжайындағы үйдегі пентхаусқа қатысты, оны марқұм Болат Назарбаев 2007 жылы сатып алған болатын. Сату туралы шешім экс-президенттің ағасы тірі кезінде қабылданғаны атап өтіледі.
«Выход к морю» Telegram-арнасының мәліметінше, екі жатын бөлмесі, ас үй-қонақ бөлмесі, үш дәретханасы және террасы бар 164 м² аудандағы пәтер Назарбаевқа $2,7 млн тұрған.
Бастапқыда жылжымайтын мүлік оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның өгей ұлы - Данияр Кесікбаевтың атына жазылғаны хабарланды.
Ажырасу процесі кезінде Құрманғалиева әртүрлі сот органдары арқылы бұрынғы күйеуінен АҚШ-тағы пәтерді қоса алғанда, оның жарты байлығын талап етті.
Сол уақытта оның ұлы бұл пентхаусты сатуға тырысқаны, алайда сот талқылауларынан кейін экс-президенттің ағасы жылжымайтын мүлікке құқығын қорғап қалғаны хабарланады.
«Нәтижесінде сол 2011 жылы Құрманғалиева Қазақстанда алаяқтық және адам ұрлау айыбымен іздеу жарияланды. Өз кезегінде Болат Назарбаев Нью-Йорктегі сотқа жүгініп, өгей ұлы мен бұрынғы әйелін одан ондаған миллион доллар ұрлады деп айыптады. Болат пен Майра арасындағы сот талқылаулары бірнеше жылға созылды», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде Болат Назарбаев Құрманғалиеваға Нью-Джерсидегі құны $20 млн болатын үйді қалдырды. Оның орнына ол Майами мен Нью-Йорктегі пәтерлерге қатысты талаптарынан бас тартты.
Белгілі болғандай, 2016 жылы Назарбаев пентхаусты өзінің коллекторлық агенттігін және бірқатар ұсақ фирмаларды басқарған көмекшісі Батыржан Ахметовке қайта жазған.
Еске сала кетейік, мамыр айында Алматыда Болат Назарбаевтың активтері бойынша соттар басталды. Белгілі болғандай, ол өз уақытында BNC Plaza бизнес-орталығының астындағы жерге иелік ету құқығы үшін соттасқан. Талапкер Майра Құрманғалиеваның қарындасы – Гүлжамал болды.
Фонд-бюро расследования коррупции