Skip to main content

«Болашақ» стипендиаты қарызын қайтаруға келісті

Submitted by Вера Александрова on

«Болашақ» халықаралық стипендиясын өндіріп алу туралы іс бойынша тараптар татуласты.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Валерия Гавриленко 28,7 млн теңгені қайтаруға келісті, әйтпесе келісімшартқа сәйкес оның стипендиясының кепілгерлері Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрибаеваға өтеуге тура келер еді.

«Апелляциялық сатыдағы бірінші отырыста алқа тараптарға істі бітімгершілікпен (медиация) аяқтау құқығын түсіндірді, және қарау қорытындысы бойынша Астана соты алқасының жәрдемдесуімен тараптар келісімге келді, оның шарттары бойынша стипендиат Г. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы алдындағы берешегін өз еркімен өтеуге міндеттенді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрибаеваның Президентке үндеуі пайда болған еді – бұл адамдар «Болашақ» бағдарламасының бұрынғы қатысушысының кепілгерлері болған. Белгілі болғандай, бұрынғы стипендиат Гавриленко елде жоқ болғандықтан, Орталық одан қарызды өндіре алмаған. Алайда 3 жылдан кейін «Болашақ» оның 30 млн теңгеге жуық қарызын кепілгерлерге ұсынған.

Кейін Орталық кепілгерлердің мәлімдемесіне түсініктеме беріп, Дәрибаева мен Воробьева келісімге қол қою арқылы стипендиаттың барлық міндеттемелерін орындау үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алғанын хабарлады.