Skip to main content

Белгілі нейрохирург ауыр науқастарға операция жасауға квоталардың жетіспеушілігіне шағымданды

Submitted by Вера Александрова on

Белгілі қазақстандық нейрохирург, ҚР Президенті Іс Баскармасы Медициналық орталығы ауруханасының (ҚР ПІБ МО А) хирургия жөніндегі директордың орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев шұғыл хирургиялық операцияларды жүргізуге квоталардың жоқтығына және Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ) қызметкерлері тарапынан өрескел қатынасқа шағымданды. 

Бердіқожаев Facebook-тегі парақшасында Астана қаласының тұрғынының ми тамырларының МРТ-суретін жариялады. Нейрохирургтің айтуынша, науқас өте ауыр халде және шұғыл операцияны қажет етеді.

«Науқастың оң жақ ішкі ұйқы артериясы жабылған, ал сол жағы бұрын оталанған – каротидті эндартерэктомия (инсульт қаупін азайту үшін қолданылатын ұйқы артериясындағы бляшкаларды алып тастау бойынша хирургиялық операция – ред. еск.) жүргізілген. 

Сондай-ақ, жалғыз шартты толыққанды сол жақ омыртқа артериясы бассүйек ішілік бөлігінде тарылған. Басқа омыртқа артериясы жабылған. Мұның бәріне себеп – атеросклероз», - деп мәлімдейді нейрохирург.

Алайда биыл Президенттік клиникада науқасқа операция жасау жоғары технологиялық медициналық қызметтерге (ЖТМҚ) квоталардың жоқтығынан мүмкін емес. Бердіқожаевтың айтуынша, егер дәрігерлер белгіленген ережелерден шегініп, операция жасаса, ауруханаға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (ӘМСҚ) айыппұл салыну қаупі төнеді. 

Дәрігер өз тарапынан науқасты Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасына жібергенін, онда мұндай хирургиялық операцияларға квоталар әлі қалғанын атап өтті. Ықтимал балама ретінде ол науқасқа қаланың басқа ауруханаларына жүгінуді де ұсынды.

«Науқас жақын болашақта инсульт алуы әбден мүмкін, егер оған жол болса – оны оталайды, <…> бірақ ол шұғыл түрде және өте ауыр халде түседі, егер орнында өлмесе, одан әрі реанимация және ұзақ оңалту болады», - деп түйіндеді Бердіқожаев.

Нейрохирургтің айтуынша, Міндетті медициналық сақтандыру қорында клиникалық тәжірибесі жоқ, әріптестерімен қарым-қатынаста өрескелдікке жол беретін сарапшылар жұмыс істейді.

«Олармен сөйлесу мүмкін емес және бірден «жұлдызшанып кеткендікте» айыптайды, маған тура солай айтты - «Мыңжылқы Сайлауұлы сіз жұлдызшанып кеттіңіз». 

Алдын алу үшін төлеуге дайын емес шенеуніктер салдарын жоюға ақша жұмсайды. 

Айтпақшы, диабеттік табанмен жағдай одан да нашар, барлық жағдайға айыппұлдар. Аяқтың ампутациялануының өсуін күтіңіздер», - деп қорытындылады Бердіқожаев.