Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында алты учаскенің иелеріне олардың жерінде жаңа бөгет салу үшін өтемақы төленбеді.
24.kz деректері бойынша, ауыл тұрғындарына учаскелерді иеліктен шығару үшін ақша төлеуге уәде етілген, алайда олар қаражатты әлі алмаған.
«Біздің үйдің ауданы 190 м². Бағалау жүргізілді, тапсырыс беруші әкімдік болып, сома 39 млн теңгені құрады. Біз оған толық келісеміз. Алайда әлі күнге дейін төлем жоқ. Қазір ақша жоқ деп айтады. Сәуір айында ақша аласыздар дейді. Ал ол жерде су тасқыны болып жатыр, мен соны айтып отырмын. Ал біздің отбасымыздың көшетін жері жоқ. Осының бәрін таситын жер жоқ. <…> Күте тұрыңдар, кем дегенде наурыз айының соңына дейін дейді», - деп хабарлады ауыл тұрғындарының бірі.
Өз кезегінде Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Асхат Бакеев күтілетін өтемақының жалпы сомасы 95,8 млн теңгені құрайтынын айтты.
«Біз қазір бюджеттік өтінім дайындадық, себебі аудан бюджетінде аталған қаражат жоқ, сондықтан ол бөлінген кезде біз олармен есептесеміз. Төлегеновке 39 млн, Чернышовке 44 млн және әрқайсысы 3,2 млн теңгеден төрт учаске болып шығады», - деді Бакеев.
Айта кетейік, ұзындығы шамамен 7 км және құны 2 млрд теңгеден асатын қорғаныс бөгетін толық салу әлі аяқталған жоқ. Жоспар бойынша бөгеттің сыртқы бөлігі темірбетон плиталарымен жабылады.
Фонд-бюро расследования коррупции