Skip to main content

Астанада «Күн» субұрқағын бұзу ұсынылуда

Submitted by Вера Александрова on

Осы ұсыныспен Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі Қанат Әлин шықты.

Informburo.kz деректері бойынша, Әлин субұрқақтың құрылысы кезінде оның бұзушылықтармен салынып жатқаны туралы әкімдікке бірнеше рет хабарлағанын айтты. 

«Есіл өзенінде кеме жүзуіне байланысты емес ешқандай нысан болмауы керек. Енді оны салып қана қоймай, қазір жұмыс істемей тұр. Оны бұзу керек. Өзенде мұндай құрылыстардың тұруы мүлдем ақылға сыймайды», – деді ол кеңес отырысында.

Өз кезегінде Астана қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Самат Абдуллин жақын арада субұрқақты бұзу мүмкін емес екенін, себебі ол қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде өтіп жатқанын мәлімдеді.

«Біз бұл жобаны мәдениет басқармасы салғанын түсінеміз. Менің ойымша, тергеу жүріп жатқанда, оны бұзуға ешкім рұқсат бермейді, себебі бұл заттай дәлелдеме», – деді Абдуллин.

Еске салайық, бұған дейін белгілі болғандай, Астана мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

Хабарланғандай, субұрқақ мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізбестен, жобалық-сметалық құжаттаманы жасамастан және мемлекеттік сараптамадан өтпестен салынған. 

Қазір нысан авариялық жағдайда және 2017 жылдан бері жұмыс істемейді. Ұрланған қаражат сомасы 1 млрд теңгеден асқан.