Антикорда ведомство басшысының бұрынғы орынбасары Нұрлан Шабдардың жұбайы Алматыда құны 2 млрд теңгеден астам сарайды сатуға қойғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Zakon.kz деректеріне сәйкес, Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов қазір бұл мәселемен тиісті бөлімшелер айналысып жатқанын хабарлады.
«Ол бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты сәйкес келетініне жауап бермеді, бірақ жеке меншік құқығын құрметтеу қажеттігін атап өтті. Әрі сол жерде болған оқиғаға тәуелсіз құқықтық баға берілетініне уәде берді», - деп хабарлады журналистер.
Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Антикордың бұрынғы басшысының орынбасары және Ақтөбе облысы бойынша осы ведомствоның бұрынғы жетекшісі Нұрлан Шабдардың жұбайы - Меруерт Кисамиева Алматыдағы отбасылық сарайды 2,025 млрд теңгеге сатуға қойғаны туралы ақпарат пайда болды.
Фонд-бюро расследования коррупции