БАҚ хабарлағандай, БҚО Антикор жедел қызметкерлері Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Әсет Қалиевті ұстап, оның үйінде тінту жүргізді.

Ratel.kz деректері бойынша, ол 12 млн теңге көлемінде пара алуға күдікті. Облыстық Антикор және прокуратура бұл жаңалыққа әзірге түсініктеме берген жоқ.
Әсет Қалиев – медицина ғылымдарының докторы. Әр жылдары хирург-дәрігер, Ақтөбе қаласы жедел медициналық жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеген.
2008 жылдан 2014 жылға дейін Ақтөбе облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2014 жылдан 2020 жылға дейін Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.
2020 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін Жамбыл облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Қалиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
2022 жылдың қыркүйегінде Қалиев М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры болды.
Фонд-бюро расследования коррупции