«Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) баспасөз қызметі бас директор Ғалымжан Жусанбаевқа қатысты қылмыстық тергеу басталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарады.
Компания құқық қорғау органдарынан ресми хабарлама немесе сұраныс түспегенін хабарлады.
«Ulysmedia басылымының телеграм-арнасында және басқа да ақпарат көздерінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшысы Ғалымжан Жусанбаевқа қатысты қылмыстық тергеу басталды деген ақпарат жариялануына байланысты ресми түрде мәлімдейміз: бұл мәліметтер жалған және шындыққа мүлдем сәйкес келмейді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар АМӨЗ баспасөз қызметі тергеу туралы ақпаратты зауыт пен оның қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған ойдан шығару деп санайды.
«Жалған мәліметтер одан әрі таратылған жағдайда, «АМӨЗ» ЖШС өзінің заңды мүдделерін қорғау үшін құзыретті органдарға жүгіну, жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тартқызуға дейінгі құқықты өзінде қалдырады», - делінген БАҚ-қа жолдаған үндеуінде.
Естеріңізге сала кетейік, желіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет АМӨЗ бас директоры Ғалымжан Жусанбаевқа және оның орынбасарлары Распекова мен Есқалиевке қатысты істі тергеп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. БАҚ АМӨЗ басшылығы ерекше ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінгенін (ҚК 366-бабының 4-бөлігі) хабарлаған еді.
Фонд-бюро расследования коррупции