Skip to main content

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мемлекетке 33 млрд теңге көлемінде зиян келтіргені үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Алматы прокуратурасы тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

«Жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, сондай-ақ жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, шот-фактураларды жазып беру арқылы тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу фактілері анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жиналған материалдар бойынша құқық қорғау органдары «кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар» компанияларының басшылары күдікті ретінде өткен бірқатар қылмыстық істерді тіркеді.

Сот оларға мүлігін мемлекет кірісіне тәркілей отырып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі мерзімді жаза тағайындады. Апелляциялық саты үкімді күшінде қалдырды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласында Астанадан келген арнайы қызмет қызметкерлері қалалық базарлардың бірінің иесінен ірі көлемдегі ақшаны бопсалауға күдікті сегіз адамды ұстады.