Алматыда мемлекет меншігіне «Алматы арена» және «Халық арена» спорт кешендері қайтарылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров хабарлады.
«Алматыда бұрын МЖӘ аясында жеке ұйымның басқаруында өтеусіз негізде болған «Халық арена» және «Алматы арена» құрылыстары коммуналдық меншікке қайтарылды», - деп ведомство қызметкерін БАҚ цитаттауда.
Белгілі болғандай, спорт құрылыстары 2017 жылғы Қысқы Универсиаданы өткізу үшін салынған. 2019 жылы мұз сарайлары жеке қолға берілген.
«Антикор спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Орталық деңгейде талдау туризм және спорт министрлігінің жұмысында, аймақтық деңгейде – облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларында жүргізілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Атырау облысында мемлекетке 2018 жылы негізсіз жеке кәсіпкерге берілген «Мұз сарайы» спорт нысаны қайтарылды.БҚО-да жеке ұйымның сенімгерлік басқаруында болған футбол алаңы бар стадион қайтарылды.
Шымкентте 7 жыл бұрын 120 млн теңгеге сатылған «Мұз сарайы» спорт кешенінің үлесі (67%) мемлекет меншігіне қайтарылды.
Еске салайық, шілдеде Алматыда мемлекетке бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі жоғары спорт шеберлігі мектебі қайтарылған болатын. Мекеме 1,2 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Фонд-бюро расследования коррупции