Алматы тауларындағы жер сілкінісінен көшкін жүрді. Көшкіндер Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінің жоғарғы ағыстарында байқалды. ҚР ТЖМ мәліметінше, Талғар өзені бассейнінде жүрген көшкіндердің көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Барлық көшкіндер тау беткейінде тоқтады.
«Мореналық көлдер қысқы режимде, қар мен мұз жамылғысының астында жатыр. Мұздықтарда және көлдер акваториясындағы мұзда бұзылулар анықталған жоқ. Су шығыны қалыпты жағдайда, өзгеріссіз. Биік таулы аймақтардағы қардың биіктігі 1 метрден және одан да көп», - деп атап өтті ТЖМ.
Құтқарушылардың хабарлауынша, олар елеулі көлемдегі қар көшкіндерін тіркеген жоқ.
Еске сала кетейік, 4 наурызда Алматыда магнитудасы 5 балл болатын күшті жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары 11:22-де дүмпулерді сезді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағындағы Алматыдан 31 км оңтүстікте орналасқан.
Фонд-бюро расследования коррупции