Ақтөбеде прокурорлар адам ағзаларын сатудың заңсыз әрекетін анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, интернеттегі мониторинг барысында прокуратура қызметкерлері ішкі ағзаларды сату бойынша ықтимал заңсыз мәміле туралы ақпарат алған.
«2024 жылғы 25 қыркүйекте прокуратура бастамашылық еткен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде ЕСҚҚ қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын жалпы сомасы 9 млн теңгеге заңсыз сату мәмілесін жасамақ болған азамат Е. ұсталды», - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Еске салайық, ақпан айында Көкшетауда полицейлер жолын кескен адам ағзасын сату фактісі тіркелген еді. Ақтөбелік тұрғын өз бүйрегін $18 мыңға бағалап, интернетте хабарландыру берген. Ол ағзаны сатуға ұсынып, болашақ хирургиялық операцияны әлеуетті сатып алушы ұйымдастыруы тиіс деген міндетті шартты белгілеген.
Белгілі болғандай, Қазақстанда осы саладағы алғашқы қылмыс 2015 жылы тіркелген. Сонда тергеу Астанада тараптардың бүйректі трансплантациялау үшін $15 мың сомасына сату туралы келіскенін анықтаған. 2016 жылы сатып алушы бір жарым жылға шартты түрде сотталған.
Фонд-бюро расследования коррупции