Келесі аптадан бастап Ақтөбе облысының әкімдігі жұмыс күнін жарты сағатқа ерте бастайды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуірден бастап облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімдігі жаңа жұмыс уақыты режиміне көшеді: 08:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін. Мұндай кесте мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескере отырып бекітілді.
"Ішкі сауалнама қызметкерлердің 70%-дан астамы жұмыс режимінің өзгеруін қолдап, жұмыс күнінің ерте басталуы мен аяқталуының ыңғайлылығын атап өткенін көрсетті", - делінген хабарламада.
Өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталғаны атап өтіледі.
Еске сала кетейік, наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының 13 әкімшілік бірлігінің 12-інде мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың және әлеуметтік қызметтердің жұмыс кестесі жаңа уақытқа бейімделгені хабарланған болатын.
Кейінірек Астана әкімдігі де кейбір ұйымдардың жұмыс кестесін өзгертуді ұсынды, бұл қарбалас сағаттарда жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.
Фонд-бюро расследования коррупции