Ақтөбе облысының Хромтау қаласында өткен жылдың көктеміндегі су тасқыны кезінде бөгеттің жарылуына байланысты "Тұлпар ТК" ЖШС Мықтыбек Исмағамбетов атты 75 жастағы басшысы сотталды. Ол өз міндеттеріне ұқыпсыз қарағаны үшін кінәлі деп танылды.
Жергілікті "Диапазон" басылымының мәліметінше, құрылыс жарылғаннан кейін су Табантал, Қызылту және Бескөп ауылдарын басып, олардан 215 адам эвакуацияланды. Бөгетті қалпына келтіру жұмыстары 200 млн теңгеге бағаланды.
Сотта Бескөп ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары су басу электр желілерінің бағаналарына, құрылыс материалдарына, мал азығына зақым келтіргенін айтты. Сонымен қатар, үй құстары қырылды. Ауыл тұрғындары оларға материалдық шығынды өтеуді сұрады.
Сонымен бірге "Энергожүйе" ЖШС өкілі келген судың салдарынан электр желісінің тогы өшіп, тіректердің зақымданғанын атап өтті. Компаниядағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстары 2 млн теңгеден астамға бағаланды.
Өз кезегінде айыпталушы кінәсін мойындамай, бөгетті жұмыс жағдайында ұстау үшін барлық шараларды қабылдағанын мәлімдеді.
Оның сөзінше, бөгет күрделі жөндеуді қажет ететін және ол бұл туралы өңірлік табиғи ресурстар басқармасына хабарлаған. Сондай-ақ, Мықтыбек Исмағамбетов бөгет иесінің алдында нысанға барлық құқық белгілейтін құжаттарды заңдастыру қажеттілігі туралы мәселе көтергенін айтты.
Сот айыпталушының бөгеттің жарылу қаупі туралы білгенін, алайда суды түсіру бойынша тиісті шаралар қабылдамай, өткізу қабілеті төмен бір ғана шлюзді пайдаланумен шектелгенін анықтады.
Сонымен қатар, сотта айыпталушының коммерциялық пайданы басшылыққа алып, өсірілген балықтан айырылғысы келмегені атап өтілді. Соның салдарынан ол уақтылы суды төгіп тастамай, ауыр зардаптарға әкеп соқты.
Сот кәсіпкерді кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге соттады. Сонымен бірге, сотталған "Энергожүйе" ЖШС-не және су тасқынынан зардап шеккен шаруашылықтардың иелеріне келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді. Әкімдіктің авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеуді талап ету туралы талап арызы азаматтық сотта қаралады.
Фонд-бюро расследования коррупции