Қазақстанға өз еркімен «БТА-банк» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың тағы бір серігі – Богданов Алексей Владимирович қайтып оралды, ол 2009 жылдан бері іздеуде жүрген.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловодский крахмалопаточный комбинат» ЖАҚ басқарма төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы болған. Барлық кәсіпорындар «БТА-банк» қаражатын 300 млн теңгеден астам сомаға ұрлау үшін пайдаланылған.
«Күдікті Богдановтың жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ол Қазақстанға қайтып оралып, тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, бұл туралы жазбаша өтініш жолдады», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде 15 мамырда ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссельден Алматыға келді.
«Күдіктінің өз еркімен қайтып оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтасуын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын таңдалған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге ауыстырылды», - деп хабарлады Антикорда.
Қазіргі уақытта ведомство күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттерін жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында ұсталған Мұхтар Әблязовтың тағы бір серігі және туған ағасы - Қуаныш Нұрғазин де өз еркімен Қазақстанға қайтып оралған еді. Ол паспорттық бақылаудан өткеннен кейін қамауға алынып, тергеу изоляторына жіберілді. Келесі күні сот оның жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстырды.
Осыдан кейін Ресейде іздеу жарияланды Әблязовтың тағы бір серігі – ұлтшылдық бейімділігі бар саясаткер Александр Поткинге.
Фонд-бюро расследования коррупции