Skip to main content

Абай облысының тұрғындары 260 мың көшетті ұрлағаны үшін 5 жыл бас бостандығынан айырылды

Submitted by Вера Александрова on

Абай облысының Курчатов қаласында жергілікті екі тұрғынға «Семей орманы» РММ Долон филиалы аумағынан көшеттерді ұрлау фактісі бойынша үкім шығарылды.

Polisia.kz мәліметінше, іс бойынша айыпталушылар 260 мыңнан астам көшетті ұрлап, келтірілген залал 519 млн теңгеден асқан.

Нәтижесінде 21 мамырда қалалық сот оларды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей, әрқайсысына 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске сала кетейік, «Семей орманы» табиғи резерватында көгалдандыру және орман алқабын қалпына келтіру үшін арналған қарағай көшеттерін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы биылғы жылдың сәуір айында хабарланған болатын.

Қылмыстық топ құрамына жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік резерваттың бұрынғы қызметкерлері кіргені атап өтілді. Сол кезде Павлодар облысының аумағында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталып, қамауға алынды.