Абай облысының прокуратурасы 42 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылар 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланбағаны анықталды.
Прокуратура шараларымен кадастрлық құны 516 млн теңге болатын аталған жерлердің барлығы мемлекетке қайтарылды.
«Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес жергілікті атқарушы орган қайтарылған жер учаскелерін адал субъектілердің пайдалануына беру бойынша жұмыс жүргізуде», - деп түйіндеді ведомствода.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы кадастрлық құны 4,78 млрд теңге болатын пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды.
Фонд-бюро расследования коррупции