Skip to main content

39,2 млрд пайда алды Құлыбаевтың компаниясы 2023 жылы

Submitted by Вера Александрова on

Тимур Күлибаевтың холдингтік компаниясы «Joint Resources» АҚ 2023 жылы 39,2 млрд теңге табыс тапты. Ал 2022 жылы холдингтің шығыны 127,6 млрд теңге болды. 

bes.media деректері бойынша, экс-президент Назарбаевтың күйеу баласының компаниясының активтері 13,9% өсіп, 406 млрд теңге құрады.

«2023 жылғы 31 желтоқсан және 2022 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша компанияның жалғыз акционері Тимур Күлибаев болып табылады. «Joint Resources» АҚ акцияларының 100%-ы жалғыз қатысушысы Рахмет Хайруллаев болып табылатын «Premier Management» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген», - делінген хабарламада.

КАSE-де жарияланған есепке сәйкес, 2023 жылғы 31 желтоқсан жағдайы бойынша холдингтің келесі компанияларда үлестері болды: 

  • «Каспий мұнайы» АҚ-да 100%. Атырау облысы Жылыой ауданындағы көп қабатты Айранкөл мұнай-газ кен орнын игерумен айналысады; 
  • «Шұбаркөл Премиум» АҚ-да 67%. Көмір өнімдерін барлау, өндіру, өткізу және сатып алу, тау-кен өндірістерін пайдалану жөніндегі компания; 
  • «Кристалл менеджмент» АҚ-да 51%. Энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындарға электр энергиясын өндіру және өткізумен айналысады; 
  • «Exploration Production Crystal Management» ЖШС-де 51%. Басқа жеке қызметтер көрсетеді; 
  • «ГТЭС-Ақшабұлақ» ЖШС-де 51%. Компания газ турбиналық электр станциясын пайдаланумен, электр энергиясын өндіру және сатумен, электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдаланумен айналысады; 
  • «Premier Development Company» ЖШС-де 50%. Шоптыкөл кен орнында қоңыр көмір өндіретін «Майкөбен-Вест» ЖШС жарғылық капиталының 100%-ына ие холдингтік компания; 
  • «Kazakhstan's mineral resource investment company» ЖШС-де 35%. Тау-кен өндірістерін жобалайтын және пайдаланатын «Kundybai Mining» АҚ акционерлік капиталындағы 80%-ға ие холдингтік компания; 
  • «KVK-Petroleum» ЖШС-де 25%. Негізгі қызметі мұнайды игеру және өндіру болып табылатын «Торғай-Петролеум» АҚ-да 50%-ға ие. Компания Күмкөл мұнай кен орнының солтүстік бөлігінің жалғыз операторы болып табылады; 
  • «Cento Group» ЖШС-де 17,5%; 
  • «Ақбұлақ Су» ЖШС-де 0,01%. Негізгі қызмет түрі - суды жинау, өңдеу және бөлу

Еске сала кетейік, бұрын белгілі болғандай, «Joint Technologies» ЖШС компаниясына жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам екі айыппұл салынған еді.