Skip to main content

300 мың теңге төлейді ақтөбелікке полиция озбырлығы үшін

Submitted by Вера Александрова on

Ақтөбе тұрғыны Аманбек Сисенов полицейлер келтірген моральдық зиян үшін мемлекеттен 300 мың теңге өндіріп алды.

Ratel.kz деректері бойынша, өткен жылдың шілдесінде Сисеновтің көлігін полиция қызметкерлері тоқтатып, содан кейін оны медициналық куәландырудан өткізу үшін наркологиялық диспансерге жеткізген.

Нарколог дәрігер Баймұратов оған «жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күй» диагнозын қойғаны хабарланады. Осы негізде сот Сисеновке 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындап, жүргізуші куәлігінен айырды. Сонымен қатар Сисенов наркологиялық есепке қойылды.

Алайда жеті айдан кейін сотталған адам наркологтың сараптаманы бұзушылықтармен жүргізгенін дәлелдей алды. Мұны облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің тексеруі растады. 

Анықталғандай, куәландыру жүргізілген алкотестер ақаулы болып шықты - құрылғының қателігі рұқсат етілген нормадан асып кеткен. 

Сонымен қатар, Сисеновті наркологиялық диспансерге жеткізу кезінде полицейлер қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны белгілі болды. 

«Процедура кезінде оны жерге құлатты (ол қол кісенде болған) және бетіне үш рет бұрыш газын шашты. Содан кейін оған полицияға қарсылық көрсеткені үшін әкімшілік хаттама жасалды», - делінген хабарламада.

Сисенов куәландырудың, жүргізуші куәлігінен айырудың және қамауда ұстаудың заңсыз жүргізілгенін дәлелдегеннен кейін, ол моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

«Қалалық соттың шешімі бойынша, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» заңға сәйкес, азаматтардың құқықтарын шектейтін қызметкерлердің әрекеттері «Заң атынан» деген сөздермен сүйемелденуі тиіс. Іске қоса берілген бейнежазбадан полиция қызметкерлерінің Сисеновке «заң атынан» ешқандай талап қоймай, оның қолынан ұстап, көлікке апарғаны көрінеді. Кейінірек бағытты өзгертіп, олар оны Ақтөбе психикалық денсаулық орталығының ғимаратына күшпен жеткізген. Сисеновтің сұрақтары мен түсіндірмелерін елемей, полицейлер күш қолданып, оны бұрап, бетіне үш рет бұрыш газын шашқан», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде полицей Тоқтатов сотта Сисеновтің куәландыру кезінде қарсылық көрсеткенін мәлімдеді, алайда бейнежазбаны қарағаннан кейін айтылған деректер расталмады. 

«Заң талаптарын елемей, дене күшін және арнайы құралдарды қолдану ниеті туралы ескертпей және шұғыл қажеттіліксіз, полицейлер көлденең күйде бетімен жатқан адамның көзіне бұрыш газын шашқан. Бұл жағдайлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған лауазымды тұлғаның немқұрайлы қарағанын, сондай-ақ басшылық тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді», - деп көрсетілген шешімде.

Нәтижесінде сот полицейлердің әрекеттері үшін моральдық зиянның өтемақысы ретінде Сисеновтің пайдасына мемлекеттен 300 мың теңге өндіруді ұйғарды. 

Сонымен қатар, ақтөбелікке әкімшілік қамаққа алу себебінен жұмыста болмағандықтан, 400 мың теңгеден астам мөлшерде жоғалтқан табыс сомасы, сондай-ақ адвокат қызметіне ақы төлеу өтемақысы ретінде 800 мың теңге төленетін болады.