Гуманитарлық колледж директоры қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған ақша қаражатын жымқырды.
Прокуратура мәліметінше, Маңғыстау облысы бойынша, оқу орнының басшысы 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы тамызға дейін колледждің 29 қызметкерін сыйақыландыру туралы негізсіз бұйрықтар шығарып, 29,5 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын заңсыз иемденген.
Нәтижесінде, Бейнеу аудандық соты колледж директорына ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Мемлекет кірісіне келтірілген залал толық көлемде өндірілгені хабарланады.
Еске сала кетейік, бұрын Түркістан облысы Сарыағаш ауданында №60 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Бағдат Досымбеков пен бас бухгалтер Мұрат Оспанов 138 591 540 теңгені иемденгені үшін 7 жылға шартты түрде сотталған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции