Skip to main content

15 туш сайгака со спиленными рогами изъяли у браконьеров в области Улытау

Submitted by Вера Александрова on

Ұлытау облысында ақбөкендерді заңсыз аулаумен айналысқан қарулы браконьерлер ұсталды.

«Полиция қызметкерлері «ПО Охотзоопром» РМК инспекторларымен бірлескен рейдтік іс-шара аясында Ұлытау ауданының аумағында төрт адамнан тұратын браконьерлік топты анықтады», - деп хабарлады Polisia.kz.

Ұсталғандар екі мотоциклмен жүріпті. Браконьерлерден 15 дана ақбөкеннің ұшасы, 29 кесілген мүйіз және екі тесік ұңғылы мылтық табылды. Олар көрші облыстың тұрғындары.

«Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына жабылды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында заңсыз айналымнан 15 200 метр балық аулау торы, 9 тонна балық және балық өнімдері, шамамен 3,5 мың дана ақбөкен мүйізі, 135 дана аңшылық қару және 81 текше метр заңсыз дайындалған орман алынды. 

Сонымен қатар, маусым айында Жетісу облысында жергілікті тұрғынның шатырында 1,2 млрд теңгеге бағаланған ақбөкен мүйіздерін сақтап жүргені анықталып, ұсталғаны белгілі болды. 

Ал одан да бұрын, наурыз айында Жетісу облысының ҰҚК шекара қызметі департаменті шекара маңы аймағында 1382 дана ақбөкен мүйізін шығаруға әрекеттенген Қазақстанның үш азаматын ұстады. Сонда мемлекетке келтірілген залал 3,5 млрд теңгеден астам деп бағаланды. Айтпақшы, біздің дерек бойынша, қара нарықта бір мүйіз шамамен $2 мың тұрады

ФБРК редакциясы ақбөкендерді табиғи мекендеу ортасынан «алып қою» науқанының толық хронологиясын жинады. Онымен сілтеме арқылы танысуға болады.