Түркістан қалалық соты жер ресурстарын басқару департаментінің (ЖРБД) басшысы Мырзаев А., оның сыбайласы Балтабаев А. және осы департамент бөлімінің басшысы Жетпісов Б. қатысты үкім шығарды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің мәліметінше, Мырзаев пен Балтабаев алаяқтық пен пара беруге итермелеуге, ал Жетпісов пара беруге оқталған деп күдіктелген.
Тергеу барысында Мырзаев пен Балтабаев кәсіпкердің жер телімін рәсімдеу үшін 18 млн теңгесін иелендіргені анықталды.
Сонымен қатар, Мырзаев жалпы қамқорлық үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен алдау арқылы Жетпісовтің 70 мың теңгесін (бұрын келісілген 5 млн теңгеден) иеленген.
Нәтижесінде сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, Мырзаевқа 8 жыл бас бостандығынан айыру, Балтабаевқа - 7 жыл және Жетпісовке - 3 жыл, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады.
«Үкімді жариялау облыстық жер ресурстарын басқару департаменті мен Түркістан қаласы жер қатынастары бөлімі ұжымының қатысуымен өтті. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции