Тараз қаласының сотында облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бұрынғы бас дәрігері Айбек Исаевтың ісі қарала бастады. Ол лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды және бюджеттен 100 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
ORDA мәліметінше, бұрынғы бас дәрігерге қатысты іс Антикор тексерісінен кейін қозғалған. Тергеу Исаев жеткізушілерден мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сатып алған деп есептейді.
«Орталық ақша үнемдеу үшін жеткізушілерден қалдық жарамдылық мерзімі бар бұйымдар сатып алған. Осының бәріне бас дәрігер Айбек Исаев жауапты болған, ол 100 миллион теңгені иемденіп үлгерген», - делінген хабарламада.
Қазір Исаевтың қолхатпен босатылғаны атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін Таразда сотталған қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен бас бухгалтері болған еді. Іс фигуранттары медициналық мекеменің ақшалай қаражатын 758 млн теңгеден астам сомаға жымқырған. Сонымен қатар бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастырып, 4,4 млн теңге көлемінде табыс тапқан.
Фонд-бюро расследования коррупции