Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары Г.Мусрепов ауданы, Қызылжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандары, сондай-ақ Петропавл қаласының білім беру мекемелерінде тыйым салынған контентке қол жеткізуді бұғаттады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі 74 мектепте оқушылар суицид пен зорлық-зомбылықты қоса алғанда, қауіпті әрекеттерге итермелейтін материалдары бар тыйым салынған сайттарға қол жеткізе алған.
Нәтижесінде білім беру мекемелерінің басшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409-бабы 7-2 бөлігіне сәйкес айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар прокурорлардың ұсыныстары бойынша аталған барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған сайттарға қол жеткізу шектелді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 11 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалғаны атап өтілді.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуратурасы 14 мектепте кәмелетке толмаған оқушылардың интернеттегі тыйым салынған контентке еркін қол жеткізу фактілерін анықтады.
Оқушылардың суицид және зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі болғаны атап өтілді.
Фонд-бюро расследования коррупции