СҚО прокуратурасы мемлекеттік органдар тарапынан сатып алу саласында көптеген бұзушылықтарды анықтады.
«Жауапсыз жеткізушілерге қатысты соттарға уақтылы талап қоюмен жүгінбеу және соңғыларды жосықсыз қатысушылар деп тану туралы заңды күшіне енген сот актілерін жібермеу фактілері анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осы әрекеттердің нәтижесінде 6 жосықсыз жеткізуші мемлекеттік сатып алуларға қатысып, шарттар жасасуды жалғастырғаны айтылады.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 21 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің «Мемлекеттік сатып алулар туралы ҚР заңнамасын бұзу» 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл бап 10 АЕК-тен (36 920 теңге) бастап 200 АЕК-ке (738 400 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу түріндегі жазаны көздейді.
Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, СҚО-да үш ай ішінде 3,3 млрд теңгеге 11 мемлекеттік сатып алу күші жойылды. 17 лауазымды тұлға, оның ішінде 6-уы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың 3-еуі жұмыстан шығарылды.
Сондай-ақ белгілі болғандай, Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметденов ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік сатып алуларынан жалпы сомасы 569 млн теңге артық төлемді анықтады. Ол министрлікке қатысты мемлекеттік сатып алулар бойынша тексерулер жүргізуді талап етті.
Фонд-бюро расследования коррупции