Skip to main content

СКО ДУИС бастығы пара үшін айыппұлмен құтылды

Submitted by Вера Александрова on

Петропавл сотында СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Әділет Мұстафиновқа қатысты үкім жарияланды.

Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол СҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізуге мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. 1 млн теңге сомасындағы қаражатты делдал арқылы алғаны хабарланады. 

Нәтижесінде сот Әділет Мұстафиновты кінәлі деп танып, оған 30 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. 

Пара беруші мен парақорлықтағы делдал тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды. 

Сонымен қатар, тиісті ведомстволық бақылау мен алдын алу жұмыстарының болмауы үшін қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Комитет төрағасы әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс жарияланды, оның орынбасары әділет генерал-майоры М. Аюбаевқа, меншікті қауіпсіздік, кадр жұмысы және тылды қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына – қатаң сөгіс берілді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Әділет Мұстафинов пара алуға күдікпен қызметтік кабинетінде ұсталған еді.