Skip to main content

Шымкенттегі пәтер жалдаушының қайтыс болуына байланысты жалға беруші шартты мерзім алды

Submitted by Вера Александрова on

Шымкентте тұрғын үйді жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жалға беруші алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
 
Қала прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тұрғын газ қызметімен келіспей және газ қауіпсіздігі нормаларын сақтамай пәтерді жалға берген. 

Үй-жайда газды бақылау және ауа алмасу жүйелері болмаған, нәтижесінде газдың ағуы орын алып, жалға алушы көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болған.
 
Соңында Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пәтер иесін ҚР ҚК 306-бабы («Жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу») бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

«Бұл оқиға маңызды прецедентке айналды: егер тұрғын үйді жалға беріп, табыс алатын болсаңыз, жалға алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттісіз. Жауапсыз қатынас ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады», - деп атап өтті қалалық прокуратура.