Skip to main content

Шымкентте танымал брендтердің арағын жалғандаған

Submitted by Вера Александрова on

Шымкентте жалған алкоголь өндіретін жасырын цех анықталды.

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тұрғын жалған өнімді өткізу үшін «Absolut», «Зеленая марка», «Айдабульская», «Qulan» және басқа да брендтерді пайдаланған. 

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы (өзгелердің тауар белгілерін заңсыз пайдалану) бойынша іс қозғалды.

Жасырын цехты тексеру барысында тегі белгісіз 3 мың литр сұйықтық, сүзгілер, құю жабдықтары, «Absolut» тауар белгісі бар 720 қақпақ және «Зеленая марка» тауар белгісі бар 1 400 қақпақ тәркіленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тараздың мамандандырылған әкімшілік соты «ASCO Pro» ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкоголь өнімін тәркілеу туралы шешім шығарған болатын. Алайда кәсіпорынның бұрынғы басшысы тәркіленген тауарды өзіне қалдыруды ұйғарды. Нәтижесінде Тараздың №2 соты оны кінәлі деп танып, 1 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруға соттады.