Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы аудандық құрылыс бөлімінің басшысының қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғанын анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданыстағы тәртіптік жазаға қарамастан, ол өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған.
«Осы факт бойынша аудан прокуратурасы 2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізді», - делінген хабарламада.
Тәртіптік кеңестің ұсынымы негізінде Жәнібек ауданының құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда 519 млн теңге ұрлағаны үшін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымдардың өкілі сотталған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции