Skip to main content

Прокуратура Павлодардағы пансионатты қатал қарау туралы шағымдардан кейін тексеріп жатыр

Submitted by Вера Александрова on

Павлодарда прокурорлар жеке пансионат тұрғындарына қатысты алаяқтық пен қатыгездік фактілерін тергеп жатыр.

Қала прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдары мүгедектігі бар зейнеткерлерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жеке пансионатты анықтады.

Белгілі болғандай, пансионат қызметкерлері 20 зейнеткердің тамақтануы мен қозғалысын шектеді, сондай-ақ оларға жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық қолданды деп күдіктеледі. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қайтыс болған тұрғындардың пәтерлерін жалға берді деп айыпталуда.

Аталған фактілер бойынша Павлодар прокурорлары сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, оның тергеуін ішкі істер органдарына тапсырды.

Еске салайық, былтырғы қазан айында белгілі болғандай, Павлодарда облыстық балалар психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан. Қинау фактілері бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы белгілі болды.