Skip to main content

Павлодар облысындағы мектеп 213 теңгеге сатылды

Submitted by Вера Александрова on

Электронды сауда алаңындағы аукционда Павлодар облысы Береке ауылындағы бұрынғы бастауыш мектеп ғимараты сатылды.

«Қабаттылығы - 1, іргетасы - бетонды, сыртқы қабырғалары - пеноблок, шатыры - шифер, едені - тақтай, терезелері - қос қанатты, есіктері қарапайым, ағаш, ішкі әрлеуі - ақтау», - делінген лот сипаттамасында.

Аумағы 92,1 м² болатын ғимарат үшін Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімі аппараты 1,6 млн теңге алуды жоспарлаған, алайда небәрі 213 теңге алды.

«Бастапқы бағасы: 1 683 000 теңге. Ең төменгі бағасы: 1,00 теңге. Кепілдік жарнасы: 84 150 теңге. Сауда мәртебесі: Өтті. Сату бағасы: 213 теңге», - деп көрсетілген хабарламада.

Белгілі болғандай, мектеп 1993 жылы салынған. 2023 жылғы мамырда «EXPERT Business Consulting KZ» ЖШС бағалаушысы ғимараттың құнын 561 мың теңге деп анықтаған.