Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы – отставкадағы генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ол сенімді теріс пайдаланды деген күдікке ілінген. Жоғары лауазымды әскери адамның беделін пайдаланып, күдікті кәсіпкердің аса ірі көлемдегі ақшасын иеленген.
«Қылмыс Қазақстан аумағындағы әлеуметтік жобаларға салымдардан жоғары кірістілік алу сылтауымен, министрліктер мен шетелдік серіктестердің ықпалды өкілдерінің көмегімен жасалған», - делінген хабарламада.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Құқық қорғау органдары оның осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексереді. Тергеу жалғасуда.
Еске сала кетейік, мамыр айында Ақтөбе гарнизонының әскери сотында үкім шығарылып, ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасының Батыс өңірлік басқармасының бастығы мен аға тергеушісі сотталды.
2024 жылдың желтоқсанында іске қатысты адамдар әріптестерінің бірінен жұмыстан шығару және өзге де салдарлармен қорқытып, 1 млн теңге көлемінде пара талап еткен. Кейін олар 700 мың теңге алған кезде ұсталды.
Фонд-бюро расследования коррупции