Журналистер мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорынан бұрынғы президент Назарбаевтың, оның қыздары мен күйеу баласының жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) жоғалып кеткенін анықтады.
ORDA мәліметінше, олардың редакциясының қарамағында ірі сақтандыру компанияларының бірінің аффилиирленген тұлғаларының тізімі болған, оған бес жыл бұрын Тимур және Динара Күлібаевтар «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ-ның ірі акционерлері ретінде енгізілген.
«Құжатқа олардың жақын туыстары автоматты түрде енгізілген, оларға тек балалар мен ата-аналар ғана емес, аға-інілер мен әпке-қарындастар да кіреді. Тиісінше, бұл тізімде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми отбасының көп бөлігі ЖСН-мен бірге көрсетілген. Біздің таңданысымызға орай, МКК дерекқоры бұрынғы мемлекет басшысының отбасы мүшелерінің барлығын көрсетпеді», - делінген хабарламада.
______________
Анықтама үшін: мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) салық төлеушілер базасы - бұл ведомствоның бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе. Ол азаматтың салық бойынша берешегінің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін ЖСН қажет.
Белгілі болғандай, журналистер МКК сайтынан Нұрсұлтан Назарбаевтың, оның қыздары Дариға мен Динараның, сондай-ақ күйеу баласы Тимур Күлібаевтың жеке нөмірлерін таппаған.
Алайда олар жерден экс-президенттің жұбайы Сара Алпысқызының деректерін анықтаған, оның атына 2102 теңге көлемінде жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешек тіркелген. Салық базасында Назарбаевтың кенже қызы - Әлия да бар, оның берешегі жоқ, бірақ салық төлеуші ретінде тіркелген.
Базадан журналистер Тимур мен Динара Күлібаевтардың балаларын да таба алған: 34 жастағы Алтайды, 20 жастағы Денизаны және 14 жастағы Алишаны.
«МКК сайтынан Тимур Күлібаевтың ата-анасын да табуға болады, дегенмен оның анасы — Раиса Алдабергенқызы Күлібаева — 2020 жылы қайтыс болған. Осыған қарамастан, салық жүйесі оған берешек міндеттемелерін есептеген. Қазіргі уақытта қайтыс болған әйелдің атына жеке тұлғалардың көлік және мүлік салығы бойынша 60 190 теңге көлемінде берешек тіркелген», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, МКК сайтынан Тимур Күлібаевтың ағасы — Талғаттың деректерін табуға болады. Ол Алматы ІІМ академиясының бұрынғы бастығы.
Еске салайық, мамыр айында OCCRP халықаралық журналистер консорциумы 2022 жылы Дубайда жылжымайтын мүлікке иелік еткен және сол уақытта мемлекеттік қызметте болған не одан жақында ғана кеткендердің аты-жөні жазылған профайлдарды жариялады.
Бұл тізімге Талғат Күлібаев та енген. Сол кезде бұрынғы полицей БАӘ астанасында құны шамамен $680 мың болатын үш элиттік пәтерге иелік ететіні хабарланған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции