Skip to main content

Мұнайды заңсыз өндіргені үшін топ-менеджер Ақтөбе облысында мерзім алды

Submitted by Вера Александрова on

«Сайгак Қазақстан Б.В.» компаниясы филиалының бас директорының орынбасары Ақтөбе облысында мұнайды заңсыз өндіргені үшін сотталды. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, компания филиалы 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін «Сайгак» кен орнында шикі мұнай өндірген. Бұл ретте өндіру бойынша келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталған.

«Осы жағдайларға қарамастан, жауапты тұлғалар бір жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіруді және сақтауды жалғастырған», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, көлемі 3,5 мың тонна, құны 139 млн теңге өңделген мұнай мемлекет кірісіне алынған. 

Нәтижесінде сот кен орнын басқарған бас директордың орынбасарын 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға соттаған. Залал толық көлемде өтелгені хабарланған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында Қазақстанның экс-президентінің күйеу баласы - Тимур Күлібаевқа тиесілі «Каспий мұнай» АҚ 13,6 млрд теңгеге айыппұл салынған.