«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (ҚАБК) электрондық сауда-саттық өткізетінін хабарлады, онда 63 зергерлік бұйым ұсынылады.
ҚАБК баспасөз қызметінің мәліметінше, бағаны көтеру форматындағы аукциондар 4, 5, 6 және 7 наурызда E-Qazyna платформасында өтеді.
Лоттар тізімінде ең қымбаттары:
- жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастары бар ақ алтыннан жасалған «De Beers» сырғалары. Бұйымның бастапқы бағасы 158,1 млн теңгені құрайды;
- жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастары бар ақ алтыннан жасалған «Van Cleef & Arpels» алқасы. Бастапқы бағасы - 55 млн теңге;
- 85 гауһар таспен безендірілген ақ алтыннан жасалған «Yeprem» сақинасы. Бастапқы бағасы – 14,7 млн теңге;
- 114 гауһар таспен безендірілген ақ алтыннан жасалған «Yeprem» сырғалары. Бастапқы бағасы – 9,5 млн теңге;
- 230 гауһар таспен безендірілген ақ алтыннан жасалған «Frank Muller» алқасы. Бастапқы бағасы - 7,5 млн теңге.





Еске сала кетейік, 2024 жылдың қыркүйек айының соңында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» сауда-саттыққа жалпы сомасы 414 млн теңгеден асатын 19 эксклюзивті тауарды: зергерлік бұйымдар, қол сағаттары мен коллекциялық монеталарды ұсынды.
Ең қымбат лот «Ulysse Nardin Classic 789-80» қол сағаты болды, оның бастапқы бағасы 214,5 млн теңгеден басталды. Сол кезде бұл модель шектеулі сериямен шығарылған 30 дана қол сағатының қатарына кіретіні хабарланған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции